Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестіндегі көркемдегіш құралдардың орыс және ағылшын тілдеріне аударылуы

Авторлар

        863 249

Аннотация

Қазіргі таңда көптеген қаламгерлер өз туындыларында көркемдегіш құралдарды шығарманы реципиенттерге әсерлеу мен өз шеберлігін таныту мақсатында қолданады. Балаларға арналған шығармалардың тағылымдық, эстетикалық, когнитивтік сипаты басқа стильдер мен әдеби жанрларға қарағанда өзгеше болады.

Қаламгер Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестінде көптеген метафора, эпитет, теңеу, метонимия сияқты этномағыналық көркемдегіш құралдар кездеседі.

Сонымен қатар, кемеңгер жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестіндегі кейіпкерлердің тілдік тұлғасы мен когнитивтік аспектісі, мінез бен жағдай, тартыс сияқты мәселелер қазақ әдебиетшілері мен лингвисттер тарапынан қарастырылды, бірақ түпнұсқадағы көркемдегіш құралдардың орыс және ағылшын тілдеріндегі аударма нұсқаларының ерекшеліктері туралы айтылмаған.

Осы мақалаға негіз болған повесттегі көркемдегіш құралдардың аударылу ерекшеліктерін салыстырмалы әдіс арқылы аударма саласының білікті ресейлік аударматанушы ғалымы В.Н. Комиссаровтың эквиваленттіліктің 5 деңгейіне байланысты теориясы мен концепциясы арқылы талданады.

Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесті тек қазақ оқырмандарын ғана емес, сонымен қатар орыс, ағылшын реципиенттерін тәнті еткен туындылардың бірі болып саналады, дегенмен көркемдегіш құралдардың аудармасын үш тілде талдау арнайы зерттеуді талап етеді және қазақ аударматану саласын дамытуға өз үлесін қосады.

Түйін сөздер: Б. Соқпақбаев, Менің атым Қожа, көркемдегіш құралдар, аударма, трансформация, түпнұсқа, реципиент.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Kenzhekanova, K. K., Abdrassil, N. S., & Zhaparova А. Z. (2023). Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестіндегі көркемдегіш құралдардың орыс және ағылшын тілдеріне аударылуы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 191(3), 242–249. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4395