Британдық компаниялардың сыпайы даусы: электронды пресс релиздерді корпустық зерттеу
Аннотация
Бұл мақаланың негізгі мақсаты британдық электронды пресс-релиздерде сыпайылық стратегияларының қалай қолданылатынын талдау және оның тиімділігін бағалау болып табылады. Бизнес саласындағы электрондық пресс-релизді талдау тіл білімі үшін әрқашан қызықты, өйткені ол әлеуметтік өзгерістерге бейімделген тілдің көмегімен құрастырылады. Электронды пресс-релиздерде автордың иландырушы ниеті әрқашан ашық байқалады. Зерттеу материалы өте танымал және беделді британдық Unilever компаниясының ресми сайтынан алынды және олар деректерді автоматты талдау бағдарламаларының көмегімен талданды. Мұндай автоматты талдау бағдарламаларын қолдану адами фактор әсерінен болатын қателіктердің алдын алуға көмектеседі, әрі зерттеудің жаңашылдығы мен өзектілігін арттырады. Деректерді талдау барысында компьютерлік бағдарламаларды қолдану нақты, әрі біржақты нәтижелерге қол жеткізуге жол ашты. Бұл зерттеу Браун мен Левинсонның позитивті сыпайылық стратегиясы теорияларын қолдана отырып электрондық пресс-релиздердегі прагматикалық ойды анықтауды көздейді. Электрондық пресс-релиздер мақсатты аудиторияның мәдени ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылғандықтан, позитивті сыпайылық стратегияларының жаппай қолданылуы компанияның оң имиджін орнату үшін тиімді екенін зерттеудің нәтижесі көрсетті. Оған қоса зерттеудің пәнаралық ұстанымы өзге де ғылым салаларында бұл нәтижелердің құнды ақпаратқа толы екендігін дәлелдейді