Педагогтардың когнитивті әлемін зерттеу мақсатында сұхбат әдісін пайдалану
Аннотация
Мұғалімдердің ұғымдарын зерттеу мұғалімдердің когнитивті әлемін зерттеу саласына кіреді. Мұғалімдердің когнитивті әлемі - бұл мұғалімдердің педагогикалық шешімдерінің негізінде жатқан жасырын психикалық процестердің барлық аспектілерін қамтитын тұжырымдама. Мұғалімдердің когнитивті әлемін зерттеу зерттеушілер үшін қиындық тудырады. Бұның бір себебі құбылысқа сай зерттеу әдістерінің қолданылмауы. Тіл оқыту саласындағы мұғалімдердің ұғымдарын зерттеу соңғы 30 жылда зерттеушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Мұғалімдердің ұғымдарын зерттеу аса маңызды, өйткені олар сыныптағы іс-тәжірибеге тікелей әсер етеді деп есептелінеді. Алайда, бұл саладағы әдебиетке шолу жасасақ, шет тілін оқытатын мұғалімдердің ұғымдары туралы түсінігімізді дамытуда ғалымдардың қолданатын зерттеу әдістері шешуші рөл атқаратындығын байқаймыз. Мақалада, сол әдістердің кейбіреулері сыни талданады, сондай-ақ мұғалімдердің когнитивтік әлемін зерттеудегі терең сұхбат әдісінің маңыздылығы талқыланады және ағылшын тілі шет тілі ретінде оқытылатын контексттерде, сөйлеуге үйретуге қатысты мұғалімдердің ұғымдарын зерттеу үшін қолайлы болатын сұхбат әдісінің нақты түрлері ұсынылады. Сапалық әдістерінің бірі болып табылатын сұхбат, мұғалімдердің когнитивті әлемін терең және объективті түрде зерттеуге, когнитивті құбылыстар туралы егжей-тегжейлі және жан-жақты ақпараттарды жинауға, олардың нақты педагогикалық жағдайға сай ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.