Қазақстандағы когнитивтік лингвистиканың рөлі: концептуализация және категоризация
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph8Аннотация
Ғасырлар бойы адам қоршаған ортамен және қоғаммен терең қарым-қатынасқатүсе отырып, әлемді танудың лингвистикалық моделін қалыптастыра отырып, өзінің әлем туралы қандай да бір түсінігін қалыптастырады. Әлемнің тілдікбейнесі адам болмысын, әлемнің жаһандық бейнесін және әлемнің белгілі бір пайымын әлемнің логикасына сәйкес сипаттайтын анықтамасының бір бөлігі болып табылады. Әлемді тани отырып, адам субъектінің позицияларын бейнелеуге және санада қабылдауға үйренеді, бұл әлемнің лингвистикалық моделін, атап айтқанда әлемнің лингвистикалық бейнесін түсінуге және пайда болуына алып келеді. Тәжірибе жинақтай отырып, оны бір-бірімен қисынды байланысатын, концептілік жүйені құрайтын белгілі бір концептілерге өзгертеді; оны адам үздіксіз құрастырады, модификациялайды және нақтылайды. Аталғанконцепті санадағы өзгергіштік іспеттес қасиетімен ерекешеленеді. Концептілер жүйенің бір бөлігі бола отырып, басқа концептілердің ықпалына түседі және өздері де өзгереді. Уақыт өте келе концептілер саны да, олардың мазмұны да өзгереді. Бұл мақала ұлттық-мәдени дүниетанымы мен көзқарасын репрезентацияланатын азиялық лингвокультуралық қоғамдастықтың тілі менмәдениетінің өзара іс-қимылы кезінде негізделген және қалыптастырылған бірқатар лингвистикалық концептілерді қарастырады, өйткені әрбір өркениет пен әлеуметтік қоғам өзінің әлемді қабылдаудың ерекшелігімен сипатталады.
Түйін сөздер: әлемнің тілдік бейнесі, категоризация, концептуализация, метафора, метафоризация үдерісі.