Ғалым, қайраткер Мырзатай Жолдасбековтің тілдік тұлғасы

Авторлар

  • G. Yeskermessova Казахский национальный женский педагогический университет, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0001-7011-8862
  • J. Otarbekova Казахский национальный женский педагогический университет, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0002-8289-9050
  • S. Esimkulova Казахский национальный женский педагогический университет, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0002-7380-9420
  • K. Nagimetova Казахский национальный женский педагогический университет, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0002-6947-7013

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph9
        123 128

Аннотация

Жазушының тілдік тұлғасын тану үшін жазушы шығармалары тілінің жиілік сөздігін жасап, сөздік қорының лексикалық қабатын, концептілік жүйесін, прагматикалық сөз қолдану әлеуетін қарастыру қажеттігі сөзсіз. Жазушы, ғалым, қайраткер Мырзатай Жолдасбековтің тілдік тұлғасын тану мақсатында оның күнделік жанрында жазған «Күндерімнің куәсі» атты еңбегіндегі сөзқолданысына жиілік сөздік жасалып, нәтижесінде автордың қазақ, мен, аға, біз, ел, адам, жақсы, Президент, кісі, керек, жер, дін, өмір сөздерін өте жиі қолданғаны анықталды. Түрлі лексикалық қабат тұрғысынан алғанда, туыстық атаулар, қоғамдық-саяси лексика, оқу-білім, ғылымға байланысты сөздердің көп кездесетіні арқылы автордың елге танымал қоғам қайраткері, туған-туыс, дос-жаран, ел қамын ойлайтын ел ағасы, еліміздің білімі мен ғылымына еңбек сіңірген педагог-ғалым ретіндегі тұлғасы ашылды, өйткені күнделік – жеке адамның тарихы, тағдыры, жан күйзелісі, сезімі. Жазушы қолданысындағы қолданылу жиілігі аса жоғары қазақ, мен, керек сөздерінің концепт бола алатыны дәйектеліп, концептілік өрісі айқындалды. Осындай статолингвистикалық мәліметтер негізінде «М.Жолдасбеков кім?» деген сұраққа жауап беруге болатыны, жазушының тілдік тұлғасын шығармасы негізінде зерттеу арқылы оны нағыз тұлға, ұлт жанашыры, патриот, елін сүйетін қайраткер ретінде тануға болатыны дәлелденді.

Түйін сөздер: тілдік тұлға, концепт, статолингвистика, сөзқолданыс, жиілік, күнделік жанры.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Yeskermessova, G., Otarbekova, J., Esimkulova, S., & Nagimetova, K. (2023). Ғалым, қайраткер Мырзатай Жолдасбековтің тілдік тұлғасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 192(4), 96–106. https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph9