М. Мағауиннің «Шыңғыс хан және оның заманы» тарихи хикаясындағы ұлттық таным көрінісі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph10Аннотация
Мақалада М.Мағауиннің «Шыңғыс хан және оның заманы» атты деректі тарихи хикаясының алғашқы кітабына шолу жасалып, түркілік танымға ортақ жағдаяттар талданады. Соның ішінде ұлт тарихы мен мәдениеті, ұлттың көшбасшы тұлғасы, оның тарихтағы орны сараланып, қаламгердің шежірелік-деректік арналарды зерделеуі мысалдармен дәлелденеді.
Шыңғыс ханның қайраткерлік, көрегендік, алғырлық қасиеттері ашылады. Билеушінің бір басындағы осындай сапа-қасиет оны ел билеудің сан түрлі қыр-сырын тануға жетелегені жан-жақты талданады. Мақалада талданған тұлғаға қатысты деректі-танымдық, философиялық еңбектерге тоқталып, әлем тарихындағы тұлғалармен салыстырылады. Ұлы қолбасшының тұлғалық бейнесін, жауынгерлік батырлығын, азамат ретіндегі көркем бейнесін жасау маңызды мәселелердің бірі. Көптеген ғалымдардың ұлт руханияты, қолбасшы жайындағы іргелі ізденістері ұнамды көрініс табады. Жазушының тарихи тақырыптарды игеруі, өмірлік шындықты көркем шындыққа айналдыру жолындағы әдіс-тәсілдері, оларды жүзеге асырудағы шығармашылық қырлары жан-жақты қарастырылады. Кейіпкер бейнесі, замана көріністері арқылы көрініс тапқан мәтіндегі сөз астары, уақыт сабақтастығы, ой жапсары зерттеледі. Сонымен қатар, жазушы шығармаларындағы ұлттық танымның ашылуы, ұлттық мінез жасаудағы кейіпкер сөзін автор қалай ашқаны көрсетіледі. Хикаяда ұлттық мүдде, сананы ояту, ұлттық мінез сомдаудағы қаламгер шеберлігі зерделенді.
Кілт сөздер: ұлттық код, ұлттық сана, таным, мәдениет, тұлға.