Жоғары оқу орнында орыс тілін үйрену кезінде «төңкерілген сынып» технологиясын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph15Аннотация
Мақалада аралас оқыту нысандарының бірі ретінде «төңкерілген сынып» технологиясын қолдану стратегиясы қарастырылады, оқу үдерісінің (процесінің) кезеңдері, оның мазмұны және пән бойынша оқыту контентін құрайтын оқу-әдістемелік материалдар егжей-тегжейлі сипатталады. Бұдан басқа, мақалада жүргізілген эксперименттік зерттеудің нәтижелері келтіріледі, оның мақсаты «төңкерілген сынып» технологиясын қолдана отырып қашықтықтан оқыту күндізгі оқытудан кем емес екендігін, тиімді және табысты болуы мүмкін екенін көрсету болды. Сауалнаманың нәтижелерін қорытындылай келе, авторлар респонденттердің 85%-дан астамы «төңкерілген сынып» технологиясын қолдана отырып, оқыту нәтижелеріне толығымен немесе көбінесе қанағаттанған, 3%-ға жуығы курстың жекелеген параметрлері бойынша қанағаттанбаған деген қорытынды жасайды. «Төңкерілген сынып» моделінің сөзсіз артықшылықтары ретінде авторлар білім алушылардың білім нәтижелері үшін жауапкершіліктерінің артқандығын, олардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшелене түскенін және өз істерін жоспарлау қабілеттерінің дамығанын атап айтады.
Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, аралас оқыту, «төңкерілген сынып» технологиясы, оқу процесі, оқыту контенті, электрондық білім беру ресурстары, оқыту нәтижелері.