Филолог-студенттердің ғылыми-танымдық әлеуетін дамытудың заманауи педагогикалық аспектісі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph17Аннотация
Қазіргі қоғамдық сұранысқа сәйкес болашақ мамандардан ғылыми-танымдық әлеуетінің және кәсіби даярлығының жоғары болуы, ұтымды шешім қабылдауға және жауапкершілікпен әрекет етуге қабілетті болуы талап етіледі. Түлектер кез келген академиялық міндетті шығармашылық тұрғыдан шешіп, тапсырманы соңына дейін жеткізу керек. Сонымен қатар олар үздіксіз білім алуға, жаңа инновацияларды тез меңгеруге және өмір сүріп отырған кезеңнің үздіксіз өзгерісіне жылдам бейімделуге қабілетті болуы тиіс. Қоғам бәсекелестігінде аталмыш құзыреттілікке ие тұлғалардың мәртебесі жоғары болатыны сөзсіз, өйткені олар өз білімдерін үнемі жетілдіріп отырады және қоғамдағы өзгерістерге жылдам әрі нақты жауап бере алады. Болашақ мамандарды даярлау деңгейін дамытудың жолы олардың ғылыми-танымдық әлеуетін мақсатты түрде жетілдіру екендігіне сенімдіміз. Ғылыми-танымдық қызмет – болашақ маманның тұлғалық қасиеттерінің бір бөлігі және оны жүзеге асырудың маңызды алғышарты. Ғылыми-танымдық әлеуетті жетілдіру мақсатында қолданылатын құралдар мен әдістерді ұсыну педагогика саласындағы маңызды мәселе болып саналды. Дегенмен, уақыт өте бұл мәселе педагогикадағы басты мәселеге айналды. Мақалада филолог-студенттердің ғылыми-танымдық әлеуетін дамытудың қазіргі педагогикалық аспектідегі мәселелері талданады.
Түйін сөздер: ғылыми-танымдық қызмет, педагогикалық аспект, құзыреттілік тәсіл, оқу қызметі, ғылыми-танымдық қызығушылық, ғылыми-танымдық әлеует.