Қазақ-орыс-ағылшын үштілділігінің мұнай эргонимдердегі көрінісі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph6Аннотация
Мұнай саласындағы тілдік жағдайды зерттеу барысында қазіргі таңда Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне үш тілде қызмет көрсететінін, яғни оның үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) екенін көрсетеді.
Мақалада мұнай компанияларының эргонимдеріне лингвистикалық талдау жасалады. Мұнай өнеркәсібінің эргонимдерін қалыптастыру әдістері жалпы лексикадағыдай. Олардың негізгілері-эргонимдер-сөз тіркестері, эргонимдер-күрделі сөздер және аббревиатура. Атаулардың көптеген тобы сөз тіркесі арқылы қалыптасады. Топонимдер мұнайлы эргоним-күрделі сөздердің жасалуында міндетті элемент қызметін атқарады.
Эргонимдердің негізгі компоненттері «мұнай», «нефть» және «oil» сөздері болып табылады, олар зерттелетін барлық үш тілде баламасы болса да, аударылмаған. Тілдерге сіңісіп, олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің сөздік қорының құрамдас бөлігіне айналады. Атауларды бір тілден екінші тілге және үшінші тілге ауыстырған кезде транслитерация орын алады.
Эргонимдерді зерттеу үшін материал ретінде Қазақстанның бес батыс өңірінде жұмыс істейтін мұнай компанияларының Үш тілді номинациялары таңдалды. Бұл материал эргонимдерді зерттеу кезінде қосымша ақпарат көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін және одан әрі салыстырмалы зерттеу жолындағы кезеңдердің бірі ретінде қарастырылады.
Түйін сөздер: эргоним, топонимика, мұнай өнеркәсібі, үштілділік, аббревиатура.