Қазақ мақал-мәтелдерінің заманауи коммуникациядағы маңызы: ұлттық құндылықтар мен философиялық мәні
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph13Аннотация
Тіл – ұлттың тарихы, мәдениеті мен дүниетанымын сақтаушы күрделі жүйе ретінде заманауи коммуникацияда ерекше орын алады. Сондықтан қазақ мақал-мәтелдерінің қазіргі заманғы қарым-қатынастағы қолданымдық ерекшеліктерін зерттеу олардың этнолингвистикалық және лингвомәдени рөлін айқындауға мүмкіндік береді.
Мақалада мақал-мәтелдердің ұлттық танымдағы философиялық мәні заманауи коммуникациядағы өзектілігімен сабақтастыра қарастырылды. Мақал-мәтелдер – ұлттық дүниетанымның бейнелі көрінісі ретінде қазақ халқының әлеуметтік, этикалық және моральдық құндылықтарын, рухани мұрасын, адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынас жүйесін жеткізудің маңызды құралы. Зерттеу барысында отан, отбасы, табиғат, еңбек, уақыт және моральдық құндылықтарға қатысты мақал-мәтелдер талданып, олардың қазіргі әлеуметтік және мәдени дискурстағы рөлі мен ықпалы анықталды.
Зерттеу мақсаты – қазақ мақал-мәтелдерінің қазіргі коммуникациядағы рөлін анықтау, олардың ұлттық танымды бейнелейтін философиялық мазмұны мен құндылықтарын талдау.
Зерттеу мақсатына жету үшін лингвомәдени, сипаттамалы-талдамалы әдістер қолданылды. Нәтижесінде қазақ мақал-мәтелдерінің қазіргі қоғамдағы құндылықтарды сақтау мен ұрпаққа жеткізудегі әлеуеті ашылды.
Түйін сөздер: когнитивті лингвистика, философия, мақал-мәтел, заманауи коммуникация, ұлттық таным, мәдени код, әлеуметтік құндылықтар.