Филология терминдері тезаурусының лингвистикалық параметрлері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519713
        75 36

Аннотация

Мақала білім беру жүйесіндегі филология терминдерінің тезаурус сөздігін жасаудың ғылыми-практикалық (лингвистикалық параметрлерін айқындау) мәселелеріне арналған. Мақалада тезаурус түзудің маңызды негізгі кезеңдері, тезаурусты құрайтын негізгі бірліктер, дескрипторлар мен аскриптор терминдер, олардың терминологиялық жүйені сипаттаудағы маңызы, терминдер арасындағы семантикалық байланыстарды айқындаудағы орны және т.б. мәселелер қарастырылды. Зерттеу барысында қазақ тіліндегі филология терминдері тезаурусының сөздік мақала құрылымы мынадай параметрлер жіктелді: а) дискрипторлар: Термин атауы (жеке сөз немесе сөз тіркесі); Саласы; Пәні; Терминнің анықтамасы; Терминнің Этимологиясы; Жасалу жолы; Мысалы; Дереккөзі; Терминнің авторы; ә) аскрипторлар: Оппозиті; Омонимі; Синонимі; Гиперонимі; Гипонимі; Терминдік тіркесімі; Туынды термин. Аталған параметрлердің ерекшеліктері ғылыми-теориялық тұрғыдан тілдік мысалдар негізінде ашып көрсетілді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы: зерттеу барысында алынған нәтижелер қолданбалы терминтаным, терминография салаларының, атап айтқанда, терминологиялық қордың тезаурусын түзудің, екітілді және көптілді салалық терминологиялық түсіндірме сөздіктер әзірлеудің, электронды тезаурустар жасаудың ғылыми негіздерін нақтылап, толықтыруға ықпалын тигізеді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы салалық және тақырыптық тезаурустар әзірлеу, арнаулы терминологиялық қор жасау ісінде лексикографиялық практикада, тезаурустардың құрылымы мен мазмұнын, параметрлерін нақтылау және жетілдіру, әртүрлі тақырыптық және электронды іздеу тезаурустарын жасау бойынша практикада пайдалануға болатындығымен негізделеді.

Зерттеу жұмысында жіктеу, жүйелеу, денотативтік, дифинициялық, тектік-түрлік, логика-семантикалық, құрылымдық (морфологиялық, синтаксистік), диахрондық (этимологиялық), салғастырмалы-типологиялық және фасеттік талдау, тезаурустық, лингвистикалық, лексикографиялық және тезаурустық модельдеу әдістері пайдаланылды.

Түйін сөздер: филология терминдері, тезаурус, лингвистикалық параметр, дескриптор, аскриптор.

Авторлардың биографиясы

С. Әлісжан, Назарбаев Университеті, Қазақстан, Астана қ.

Әлісжан Сарқыт Қалымұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев Университеті (Қазақстан, Астана қ., e-mail: aliszhan@mail.ru);

С. Құлманов, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы (корреспондент автор) – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: k.k.sarsen@mail.ru);

Н. Әшімбаева, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Әшімбаева Нағима Мәсімақынқызы – филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: nagima010@mail.ru);

A. Бисенғали, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Бисенғали Ақмарал Зинол-Ғабденқызы – PhD, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: sarestek@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Әлісжан, С., Құлманов, С., Әшімбаева, Н., & Бисенғали A. (2025). Филология терминдері тезаурусының лингвистикалық параметрлері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 197(1), 29–40. https://doi.org/10.26577/EJPh202519713