Жайық-Каспий өңірі әдебиеті: Марат Отаралиев лирикасы, тақырып көкжиегі, тіл кестесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph17
        14 12

Аннотация

Мақаланың жазылу мақсаты негізінен Жайық-Каспий өңірі ақын-жазушыларының мұрасын зерттеуге бағытталған. Кең байтақ Отанымыздың әр өңірі әдеби, мәдени, тарихи мұраларға кенде емес. Ұланғайыр өлкені мекендеген халықтың рухани көркем мұрасын, ұлттық құндылықтарын әр өңірдің салт-дәстүр, әдет-ғұрпына байланысты алып зерттеудің маңызы қашанда зор. Шартты түрде жағырапиялық жағынан  алғанда Жайық-Каспий  өңіріне енетін Атырау облысының ақын-жазушыларының әдеби шығармашылығы арнайы зерттеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған өлкенің әдеби өкілі, ақындық талантымен ерте танылып, алайда өмірден ерте өткен ақынның бірі – Марат Отарәлиев.

Бұл мақалада Марат Отарәлиев лирикасының тақырып аясы және ақын тілінң көркемдік жүйесі жан-жақты әр қырынан алынып қарастырылады. Ақын туындыларының жазылу себептері, автордың тақырып таңдаудағы ізденістері оның өлең-жырларының мазмұнына әдеби талдау жүргізу нәтижесінде сарапталады. Ақын кейіпкерлерінің қоршаған ортамен байланысы, лирикалық бейненің ішкі сезім сыры, автордың идеялық мұраты, оқырманға айтпақ, жеткізбек ойы әдеби туындыны талдау барысында ашылады.

Ақын өз туындыларында көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдарын, сөз қуатын арттыратын троптар мен фигураларды оңтайлы және сәтті қолдана білетін лирик ақын. Мақалада ақынның халықтың әдеби тілін пайдалану әдісі мен жаңадан тың авторлық сөз өрнектерін (эпитет, метафора, просоподоз, анадиплосис, метонимия, эпифора, анафора, гипербола, аллитерация т.б.) тудыру тәсілдеріне назар аударылып, мысалдар арқылы талдау, дәлелдеу жүргізілген.

Түйін сөздер: Жайық-Каспий өңірі, аймақ әдебиеті, лирика, тақырып  аясы, тіл кестесі, троп, фигура.

Авторлардың биографисы

З. Мутиев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ.

Мутиев Зинулла Жаксылыкович – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (Орал қ., Қазақстан, е-mail: zinulla_mutiev@mail.ru);

Ж. Мұханбетова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ.

Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Тіл, әдебиет және ақпарат білім беру бағдарламаларының жетекшісі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (Орал қ., Қазақстан, е-mail: janim.03.95@mail.ru);

М. Ажгалиев, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Қазақстан, Орал қ.

Ажгалиев Марат Каиржанович –  филология және оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі, Батыс Қазақстан  инновациялық-технологиялық университеті (Орал қ., Қазақстан,  е-mail: marat_ajigaliev@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Мутиев, З., Мұханбетова, Ж., & Ажгалиев, М. (2025). Жайық-Каспий өңірі әдебиеті: Марат Отаралиев лирикасы, тақырып көкжиегі, тіл кестесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 196(4), 187–201. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph17

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение