Тіл оқытуда смарт технологиясы: білім беру үрдісіндегі трансформация
Аннотация
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар өте үлкен танымалдылыққа ие болуда және адамзат өмірінің көптеген салаларында қолданылуда. Осыған орай, көптеген мәселелерді жылдам, әрі жеңіл шешетін жаңа инновациялық қолданбалар мен интернет ресурстарына деген сұраныс одан әрі артуда. Жоғарыда аталған сұраныс білім беру жүйесінде де үлкен қарқынмен артып келе жатқаны рас. Соның ішінде оқу орындарында белгілі бір тілді немесе пәнді оқытуда смарт технологиялардың тигізетін үлесі айтарлықтай екені де даусыз. Мақаланың негізгі мақсаты – смарт технология ұғымын толықтай ашу және оқыту мен білім алу үрдісіндегі смарт технологиялардың маңыздылығын зерттеу. Смарт оқыту әдістемесін зерттей отыра, бұл шолу процесі білім берудегі смарт технологияларды толық қамтып, заманауи технологиялардың қолданысын жалпы шолуды қарастырады. Оған қоса, оқыту процесіндегі жеке қолданыла алатын заманауи технологиялардың белгілі бір тұстары мен смарт технологияларды қолдануда оқытушының рөлі талқыланады. Берілген мақала білім берудегі жалпыға ортақ тренд ретіндегі цифрландырудың маңызын және жасанды интеллект пен білім талдауларының қалай және қаншалықты білім беру процесіне толықтай өзгеріс енгізіп жатқандығы баяндалады. Смарт технологиялардың қазіргі таңдағы артықшылықтарын баяндай отырып, мақалада жаңа технологияларды қолдану барысында кездесуі мүмкін қиындықтар мен кедергілер жайлы сипатталады. Сонымен қатар, мақалада білім беру жүйесіндегі смарт технологиялар жайлы асығыс шешім мен қорытындыға келмей, олардың оқыту үрдісіне енгізетін мүмкіндігі мен олардың жұмыс жасау жолы қарастырылып, сондай ақ оқытушылардың жұмысына қаншалықты әсер ете алуы жайлы баяндалады.







