Балалар поэзиясының танымдық және тәрбиелік қызметі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025197113
        43 31

Аннотация

Мақалада он томдық «Қазақ балалар әдебиеті» антологиясының «Ағайынбыз бәріміз» деп аталатын екінші томындағы ақындардың балаларға арналған поэзиялық шығармалары қарастырылған. Ұлттық әдебиеттің үлкен бір саласы – балалар әдебиеті. Қазақ балалар әдебиетінің бүгіні мен болашағын бағамдау үшін оның жүріп өткен тарихына шолу жасалған. Балалар поэзиясындағы дәстүр ұласуы мен мазмұн, түр жаңалығы әр дәуір ақындарының жекелеген шығармаларына әдеби талдау жасаумен тұжырымдалған. Жазба әдебиеттегі балалардың логикасын дамытып, танымын кеңейтетін шығармаларды ғылыми саралауда ХІХ ғасыр әдебиетінен Ыбырайдан, ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен Жүсіпбек пен Мағжан жырларынан келтірілген мысалдар ауыз әдебиеті үлгілерінен бастау алған балалар жырларының дәстүрлі жалғасы ретінде бағаланды. Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолында ағартушы ұстаздардың жасаған еңбектері ұшан теңіз. Олар оқулық, оқу әдістемелік құралдарымен бірге көркем шығармаларында балалардың бойына ізгілік нәрін себуді көздеді. Балалар әдебиетіндегі бесік жыры, санамақ, жаңылпаш, жұмбақ, мазақтама тәрізді ұсақ жанрлардағы мазмұн, түр жаңалығы Ә. Сәрсенбаев, Ә. Тәжібаев, М. Әлімбаев, М. Жаманбалинов, Т. Бердияров, Ж. Смақов, О. Әубәкіров, С. Жиенбаев, М. Неталиев тәрізді ақындардың шығармалары негізінде бағамдалған. Ақындардың балаларға арналған поэзиялық туындыларының танымдық, тәрбиелік қызметі жекелеген шығармаларға жасалған әдеби талдаулармен анықталған.

Түйін сөздер: балалар поэзиясы, бесік жыры, санамақ, жаңылпаш, жұмбақ, мазақтама, дәстүр сабақтастығы, жаңашылдық.

Авторлардың биографиясы

Г. Орда, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан, Алматы қ.

Орда Гүлжахан Жұмабердіқызы – филология ғылымдарының докторы, доцент, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: orda_68@mail.ru);

Т. Измахан, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Қазақстан, Алматы қ.

Измахан Толқын – PhD докторант, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: tolkini@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Орда, Г., & Измахан, Т. (2025). Балалар поэзиясының танымдық және тәрбиелік қызметі . ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 197(1), 142–152. https://doi.org/10.26577/EJPh2025197113

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение