«Билік» концептісінің қазіргі заманғы ағылшын бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісі

Авторлар

  • А. Ислам Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-8920-9294
  • Д. Курманбаева Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0001-1789-5504
  • Б. Карибаева Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-3970-1560

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519828
        210 138

Аннотация

Осы мақалада «Power» концептісі заманауи ағылшын тілдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы, атап айтқанда жаңалықтардағы көпқырлы құбылыс ретінде талданады. Зерттеудің өзектілігі бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық биліктің қабылдануын көрсетіп қана қоймай, қоғамдық билікті қалыптастырумен қатар «Power» концептісінің қазіргі заманауи ағылшын тілдік бұқаралық ақпарат құралдарында когнитивтік тәсіл аясында жеткілікті түрде зерттелмегендігімен байланысты. Мақаланың мақсаты концептуалдық (концептуалдық-дефинициялық және концептуалдық-контекстуалдық) және лингвостилистикалық талдау негізінде «Power» концептісінің концептуалдық және тілдік сипаттамаларын анықтау болып табылады. Зерттеу нәтижесі ағылшын тілдік медиасы BBC.com, The Guardian, CNN  жаңалықтарындағы тілдік құралдар арқылы «Power» концептісінің семантикалық және когнитивтік мазмұны аспектісінің анықталуы. Талдау заманауи ағылшын тілдік бұқаралық ақпарат құралдарында «Power» концептісінің мазмұны көп жағдайда елдің саяси және әлеуметтік-қоғамдық салаларында болып жатқан оқиғаларын баяндаумен, қабылданатын шешімдермен, ел басшылығының саясатымен байланысты болатынын көрсетеді.

Зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы «Power» концептісін талдау оның ағылшын тілдік бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын когнитивтік механизмдері мен тілдік репрезентацияларындағы көріністерін кеңейтеді, бұл оны когнитивтік лингвистика, мәтін және дискурс талдауларында пайдалану мүмкіндігін береді.

Түйін сөздер: когнитивтік лингвистика, концепт, билік, мағына, репрезентация.

Авторлардың биографиясы

А. Ислам, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Айбарша Ислам – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: aisha_ling@mail.ru);

Д. Курманбаева, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Даметкен Курманбаева (корреспондент автор) – PhD, қауымдастырылған профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: kurmanbaevadametken9@gmail.com);

Б. Карибаева, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Буадат Карибаева – PhD, қауымдастырылған профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: buadat_ke@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Ислам, А., Курманбаева, Д., & Карибаева, Б. (2025). «Билік» концептісінің қазіргі заманғы ағылшын бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 198(2), 87–96. https://doi.org/10.26577/EJPh202519828