Академик Рәбиға Сыздықтың лингвостилистикалық тұжырымдамалары: қазақ сөзінің стильдік тезге түсуі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519821
        216 21

Аннотация

Мақалада қазақ тіл білімінің аса көрнекті өкілі, академик Рәбиға Сыздықтың көркем мәтін стилистикасын зерттеудегі ғылыми тұжырымдары мен әдіснамалық ұстанымдары талданады. Автор зерттеу нысаны ретінде академиктің стилистикалық бірліктерді – стильдік тезге түсу (стилизация), фольклоризация, сөз таңдауы, сөз құбылту, сөз үйлестіру, автор образы тәрізді негізгі категорияларды қазақ көркем тіліне бейімдей отырып жасаған теориялық негіздерін қарастырады. Ғалым еңбектерінде қазақ әдеби тілінің тарихы мен қазіргі даму заңдылықтарын, ұлттық мәдениетпен сабақтастығын айқындауда лингвостилистика ғылымының дербес саласы ретінде орнығуына баса назар аударылған. Мақалада Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Кекілбаев сияқты қаламгерлер шығармаларының тілі мен стилін лингвистикалық аспектіде талдау арқылы көркемсөз табиғатын танудағы Р. Сыздықтың өзіндік әдіснамасы баяндалады. Сонымен қатар қазіргі қазақ прозасындағы тілдік-стильдік үрдістер, жас жазушылардың көркем тілді игеру деңгейі мен сөзқолданыстағы стилистикалық жаңашылдықтары зерделенеді. Автор лингвистикалық, лингвомәдени, когнитивтік және прагматикалық аспектілерді ұштастыра отырып, көркем мәтіндегі бейнелі сөзқолданыстың, қайталамалар мен фразеологиялық трансформациялардың эстетикалық қызметін жан-жақты сипаттайды. Зерттеу барысында ұсынылған теориялық-тәжірибелік тұжырымдар ұлттық көркем тіл нормаларын жаңғыртуға, қазақ әдеби тілінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге және тілдің көркемдік әлеуетін терең танытуға мүмкіндік береді. Мақала нәтижелері қазақ лингвостилистикасының әрі қарай дамуына негіз бола алады.

Түйін сөздер: Рәбиға Сыздық, қазақ лингвостилистикасы, стилизация, фольклоризация, сөз таңдау, автор образы, көркемсөз, стильдік талдау, эстетикалық қызмет, көркем тіл нормалары.

Авторлардың биографиясы

A. Алдаш, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Алдаш Айманкүл (корреспондент автор) – филология ғылымдарының докторы, профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы қ., Қазақстан, *e-mail: aimank51@mail.ru);

Ә. Сейдамат, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Сейдамат Әсел – PhD докторант, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: asel.london.97@mail.ru);

Г. Мухамеджанова, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Петропавл қ.

Мухамеджанова Гулмира Тастемировна – PhD, қауымдастырылған профессор, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Петропавл қ., Қазақстан, e-mail: elnur-09@list.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Алдаш A., Сейдамат, Ә., & Мухамеджанова, Г. (2025). Академик Рәбиға Сыздықтың лингвостилистикалық тұжырымдамалары: қазақ сөзінің стильдік тезге түсуі . ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 198(2), 4–18. https://doi.org/10.26577/EJPh202519821