Академик Рәбиға Сыздықтың лингвостилистикалық зерттеулеріндегі негізгі тұжырымдамалары

Авторлар

  • Қ. Есенова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0001-7402-3625
  • Ф. Исмаилова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0001-9685-6791

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519936
        57 26

Аннотация

Академик Рәбиға Сыздықтың зерттеулері қазақ көркем әдебиеті тілін ұлттық тіл нормалары негізінде қарастырудың маңыздылығын айқындап, стилистиканың прагматикалық, когнитивтік және әлеуметтік аспектілерін кешенді зерттеуге жол ашты. Ғалымның еңбектері көркем мәтін стилистикасын жаңа деңгейге көтеріп, әдеби тілдің стильдік қабаттарын терең тануға мүмкіндік берді. Оның стилистикаға қатысты тұжырымдары тілдік бірліктердің эстетикалық қызметін анықтауда және көркем проза тілі мен функционалдық стильдер арасындағы байланысты саралауда маңызды орын алады.

Қазіргі таңда қазақ әдебиетіндегі проза жанры, әсіресе, қысқа әңгімелердің стильдік ерекшеліктерін жан-жақты талдау қажеттілігі туындап отыр. Әңгіме жанры белгілі бір кезеңдегі тілдік қолданысты бейнелейтін маңызды әдеби форма ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда, Р. Сыздықтың ғылыми тұжырымдарына сүйене отырып, көркем прозаның стилистикалық ерекшеліктерін, тілдік қолданыстарын және баяндау тәсілдерін зерделеу – өзекті мәселелердің бірі.

Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – қазіргі қазақ әңгімелеріндегі тілдік-стильдік ерекшеліктерді дәстүрлі сөз өнерімен сабақтастықта талдап, әдеби тілдің образды-стильдік әлеуетін анықтау. Әсіресе, теңеулер, қайталаулар, образды сөз үлгілерінің функционалдық рөлін айқындау арқылы олардың эстетикалық және прагматикалық мүмкіндіктерін көрсету көзделеді.

Мақалада әдеби тілдің стилистикалық мүмкіндіктері қазіргі қазақ прозасының материалында қарастырылып, көркем мәтіндегі тілдік бірліктердің стильдік қызметі мен олардың мәтін түзуші фактор ретіндегі орны талданады. Бұл зерттеу көркем проза тілінің даму заңдылықтарын саралауға, стилистика саласының ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін жетілдіруге ықпал етеді.

Түйін сөздер: Рәбиға Сыздық, лингвостилистика, әңгіме, әдеби тіл, функционалдық стильдер, теңеу, қайталау, бейнелі сөздер, автор стилі, сөз қолданыс, сөз мәдениеті.

 

Авторлардың биографиясы

Қ. Есенова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

Есенова Қалбике Өмірбайқызыфилология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы, e-mail: kalbike_65@mail.ru).

Ф. Исмаилова , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

Исмаилова Фариза Кенжеғалиқызыпостдокторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы, e-mail: fari1996@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Есенова, Қ., & Исмаилова , Ф. (2025). Академик Рәбиға Сыздықтың лингвостилистикалық зерттеулеріндегі негізгі тұжырымдамалары. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 199(3), 66–76. https://doi.org/10.26577/EJPh202519936