Сафуан Шаймерденов шығармаларындағы әйелдер бейнесінің типологиясы және ұлттық болмыс

Авторлар

  • Ж. Аубакирова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0009-0002-9320-4637
  • С. Жұмағұл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0000-0001-9891-0237
  • Г. Серкебаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Қазақстан, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0001-8423-1129

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025199314
        78 21

Аннотация

Мақалада көрнекті қаламгер Сафуан Шаймерденов шығармаларындағы әйел кейіпкерлер бейнесінің типологиясы ұлттық болмыс және интермәтін тұрғысынан талданады. Зерттеудің басты мақсаты – автор туындыларындағы әйел образдарының типологиялық ерекшеліктерін анықтап, олардың ұлттық болмысты бейнелеудегі рөлін ашып көрсету.

Әдебиеттегі әйел бейнесі ұлттық дүниетаным мен рухани құндылықтарды жеткізудің маңызды құралы болып саналады. Қазақ прозасында әйел кейіпкерлер арқылы халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын, рухани мұрасын, сондай-ақ заман талабына сай жаңарған ұлттық сананы көрсету – қазіргі әдебиеттануда өзекті бағыттың бірі. С. Шаймерденовтің «Мезгіл», «Қарғаш», «Мәжнүн тал», «Инеш» сияқты көрнекті шығармаларындағы Бибігүл, Қарғаш, Әспет, Инеш бейнелері зерттеу нысаны ретінде қарастырылды. Зерттеу барысында контент-талдау, интермәтіндік, типологиялық және лингвокогнитивтік талдау әдістері қолданылды. Жазушының ұлттық болмысты суреттеудегі көркемдік тәсілдері, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен рухани әлемі жан-жақты зерделенді.

Сондай-ақ С. Шаймерденов кейіпкерлерінің өзге әдеби туындылардағы ұқсас бейнелермен үндестігі (интермәтіндік байланыстары) қарастырылды. Нәтижесінде Шаймерденов прозасындағы әйелдер бейнесінің қазақ әдебиетіндегі айрықша типологиялық орны мен олардың ұлттық танымды қалыптастырудағы маңызы анықталды. Әр кейіпкер белгілі бір ұлттық құндылықтың көркем символы болып танылып, олардың бойындағы аналық мейірім, адалдық, адамгершілік сипаттар ұлттық руханиятпен сабақтастықта екені көрсетілді. Зерттеу қорытындылары қазақ әдебиетіндегі әйел образдарының көркемдік табиғатын тереңірек түсінуге және ұлттық болмыс мәселелерін жаңа қырынан қарастыруға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: Сафуан Шаймерденов, әйелдер бейнесі, типология, ұлттық болмыс, интермәтін, кейіпкер психологиясы, лингвостилистикалық талдау, когнитивтік талдау.

 

Авторлардың биографиясы

Ж. Аубакирова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Аубакирова  Жамила – PhD докторант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан, Астана қ., e-mail: zhamila_08@mail.ru);

С. Жұмағұл, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Жұмағұл Сағымбай – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Қазақстан, Астана қ., e-mail: sagymbai.zuhmagul@mail.ru);

Г. Серкебаева, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

Серкебаева Гаухар Ысқақбекқызы – PhD, М. Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, «Абайтану»  ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: gauhar.110178@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Аубакирова, Ж., Жұмағұл, С., & Серкебаева, Г. (2025). Сафуан Шаймерденов шығармаларындағы әйелдер бейнесінің типологиясы және ұлттық болмыс. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 199(3), 155–163. https://doi.org/10.26577/EJPh2025199314

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение