DEVELOPMENT OF STUDENTS’ SOCIAL RESPONSIBILITY BASED ON THE ART OF RHETORIC
Аннотация
Бұл зерттеу жұмысында жалпы білім беретін мектепте оқитын білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың жолдары қарастырылады. Авторлар әлеуметтік жауапкершілік жайында атақты ойшылдардың тұжырымдарын қарастырып, бұл қабілеттің еркін таңдауға, әділдік пен игілікке, жанашырлық пен адалдыққа негізделетінін айқындайды. Әрі қарай шешендік өнерді оқыту негізінде білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілік қабілетін дамытудың мүмкіндіктерін көріп шығады. Би-шешендердің шешен сөздерінен – мысалдар, шешендік өнер теориясынан дәйектер келтіре отырып, шешендік өнерді оқыту арқылы оқушылардың тілге тиек етілген қабілетін дамытуға болатынын дәлелдейді.
Зерттеудің эксперимент бөлігі «Action Research» зерттеу әдіснамасы бойынша жүргізілген. Анықталған мәселені шешуге бағытталған сабақ теориялық сабақтан, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым сықылды тілдік дағдыларды қамтитын риторикалық жаттығулардан, «Айталық» айдарынан, қорытынды сұрақтардан тұрады. Зерттеудің экспериментін жүргізу мақсатында жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбында оқитын 30 білім алушы тартылған. Эксперименттің нәтижесінен анықталған мәселені шешу мақсатында шешендік өнер негізінде өтілген сабақтар арқылы білім алушылардың практикалық тұрғыда жауапкершілікті сезінуі 33,3 %-дан 93,3 %-ға артқанын байқауға болады.







