Cинергетикалық метатіл vs. синергетикалық үдерістер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202520041
        178 0

Аннотация

Қазіргі тіл білімінде тілдік құбылыстарды тек құрылымдық немесе функционалдық қырынан ғана емес, оларды күрделі, ашық әрі үздіксіз өзгерісте болатын жүйе ретінде түсіндіруге бағытталған теориялық ізденістердің қатары артып келеді. Осындай ғылыми контексте синергетиканың пәнаралық әдіснамалық мүмкіндіктерін лингвистикалық зерттеулерге енгізу өзекті мәселе ретінде алға шықты. Алайда синергетиканың жаратылыстану ғылымдарында қалыптасқан метатілі тілдік үдерістерді сипаттауда бірқатар теориялық және терминологиялық қиындықтарды туындатады. Ұсынылып отырған мақалада осы мәселеге назар аударылып, синергетикалық метатіл мен тілдегі динамикалық үдерістердің  әдіснамалық арақатынасы талданады. 

Зерттеу синергетиканың ұғымдық-категориялық аппаратын тіл білімінде қолданудың мүмкіндіктерін дәйектеуге бағытталған. Синергетиканың негізгі категорияларын тіл жүйесінің ішкі қозғалысын, тұрақсыздық пен өзгеріс тетіктерін түсіндіретін эвристикалық құрал ретінде қарастыру маңызды. Мақалада тіл табиғи, ашық және бейсызықтық жүйе ретінде интерпретацияланып, тілдік эволюцияны сипаттауда шоғырлану, бифуркация, флуктуация, хаос және аттрактор ұғымдарының түсіндіру әлеуеті айқындалады. Сонымен қатар «самоорганизация» терминінің қазақ тіліндегі «шоғырлану» баламасы ұлттық ғылыми таным мен терминжасам қағидалары тұрғысынан негізделеді.

Мақала қазақ тіл біліміндегі лингвосинергетиканың теориялық базасын жүйелеуге, тілдік өзгерістерді динамикалық модельдер арқылы талдауға және пәнаралық әдіснаманың ғылыми айналымда орнығуына елеулі үлес қосады.

Түйін сөздер: синергетика, тіл синергетикасы, метатіл, динамикалық жүйе, шоғырлану, тілдік эволюция.

Авторлардың биографиясы

К. Алдашева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

Алдашева Камар Сагингалиевна (корреспондент автор) – PhD, қауымдастырылған профессор, постдокторант-зерттеуші, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: kama_kz89@mail.ru);

Ж. Кузембекова, Калифорния университеті, АҚШ, Девис қ.

Кузембекова Жанна Жалайыровна - PhD, қауымдастырылған профессор, зерттеуші-ғалым, Калифорния университеті (Америка Құрама Штаттары, Девис қ., e-mail: zhanna_22@list.ru);

Ж. Исаева, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ.

Исаева Жазира Исақызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Қазақстан, Түркістан қ., e-mail: zhazira.isaeva@ayu.edu.kz).

Как цитировать

Алдашева, К., Кузембекова, Ж., & Исаева, Ж. (2025). Cинергетикалық метатіл vs. синергетикалық үдерістер. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 200(4). https://doi.org/10.26577/EJPh202520041