Орта түркі дәуірі лексикасының экономика саласындағы жаңғыру әлеуеті

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202520049
        36 0

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі экономикалық терминдердің тарихи қалыптасуы мен даму динамикасы ескі кітаби лексиканың жаңғыруы негізінде жан-жақты қарастырылады. Сондай-ақ, көне және орта түркі кезеңдерінен бастау алатын сауда-экономикалық лексикаларының пайда болу арналарына, олардың араб-парсы тілдері арқылы түркі тіліне енуіне және қазіргі қазақ тіліндегі жаңғыру әлеуетіне талдау жасалады. Ұлы Жібек жолы дәуірінен басталған экономикалық және мәдени байланыстардың тілдік жүйеге әсері, сонымен қатар Махмұд Қашғари, Әбілғазы Баһадүр, Рабғузи, Ахмеди Гүлшахри секілді ортағасырлық авторлардың еңбектеріндегі сауда-саттық лексикасының қолданысы тарихи-лексикологиялық материал ретінде қарастырылады.

Зерттеуде «делдал», «мәміле», «қазына», «пұл» сияқты ескі кітаби бірліктердің семантикалық эволюциясы, олардың қазіргі экономикалық терминдер жүйесіндегі орны мен оның жаңғыру үдерісі мен әлеуеті мысалдармен дәйектеледі. Termincom.kz және Қазақ тілінің ұлттық корпусы деректеріне сүйене отырып, бұл лексемалардың терминжасамдағы қызметі, өнімділігі және жаңа ұғымдар жасауға қатысу мүмкіндігі анықталады. Сонымен бірге Елдес Омарұлы, Әбдуәли Қайдар сынды ғалымдардың терминжасам қағидаттары негізінде қазақ тілінің сөздік қорын тиімді пайдалану қажеттілігі атап көрсетіледі. Сонымен қатар XX ғасырдан бүгінге дейінгі экономикалық сөздіктердің қалыптасу тарихы қарастырылып, олардың қазақ тіл біліміндегі рөлі анықталады.

Зерттеу нәтижесінде ескі кітаби лексика немесе орта түркі лексикасы қазіргі қазақ тілінің экономикалық терминологиясында белсенді түрде жаңғырып, прагматикалық жүктемесі күшейіп, жаңа ғылыми ұғымдарды қалыптастыруда маңызды қызмет атқаратыны айқындалды. Мақала қазақ тілінің терминологиялық әлеуетін кеңейтудің теориялық және практикалық негіздерін ашуға бағытталған.     

Түйін сөздер: орта түркі лексикасы, ескі кітаби лексика, жаңғырған сөздер, терминология.

Авторлардың биографиясы

А. Қайрат, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Қайрат Асау Айниязұлы – PhD докторант, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: asauqairat@gmail.com)

С. Сейілхан, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Сейілхан Сымбат – кіші ғылыми қызметкер, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: symbat_040402@mail.ru).

Как цитировать

Қайрат, А., & Сейілхан, С. (2025). Орта түркі дәуірі лексикасының экономика саласындағы жаңғыру әлеуеті. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 200(4). https://doi.org/10.26577/EJPh202520049