Коммуникация кезінде балалардың тілдік кодты ауыстыруының әлеуметтік лингвистикалық аспектісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202520044
        78 0

Аннотация

Қазіргі кездегі балалардың қазақ, орыс және ағылшын тілі элементтерін араластыра сөйлеуі – еліміздегі тілдік жағдаяттың көрінісі. Бұл синхронды қазақ тілінің даму сипатын байқатады. Болашақта осы балалар қазақ тілінің иесі болатынын ескерсек, бұл мәселені бүгіннен бастап шешуді қажет етеді. Мәселені шешудің алғашқы әрекеті тілдік код ауыстырудың себептерін зерттеуден және оның салдарын болжаудан басталады. Балалардың тілдік кодты ауыстыруы Қазақстандағы тілдік жағдаяттың үштілді сипатын көрсетеді. Орыс тіліндегі контенттерді жиі көруі, ата-аналардың ағылшын тілін бала құлағына сіңіру мақсатында халықаралық тілдегі цифрлық контенттерді көрсетуге ұмтылатындығы, ағылшын тілін оқытатын пәндері бар балабақшаларға беруі тілдік кодты ауыстыруына себеп болады. Бұл себептің салдарынан балалардың тілдік код ауыстырып сөйлеуі, сол арқылы ойлауында аралас тілдік әсерден тежелу бар екені, психолингвистикалық ерекшеліктердің болатынына, аралас сипатты қазақ тілінің болашағына апарып соғады.

Мақалада зерттеу тақырыбына сәйкес 3-5 жастағы балалардың коммуникациялық мәтін түзуіндегі тілдік код ауыстыруы талданады. Код ауыстыру құбылысының әлеуметтік, психолингвистикалық негізін саралай отырып, бала тілінің дамуына әсер ететін ішкі (когнитивтік) және сыртқы (әлеуметтік, тілдік орта) факторлары сипатталады. Зерттеуде 3-5 жас аралығында балалары бар 15 анадан жартылай құрылымдалған сұқбат нәтижесі көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері код ауыстырудың ерте жастағы балалар үшін Қазақстанның қазіргі тілдік жағдаятында қалыпты тілдік даму кезеңі екенін көрсетеді. Себебі қазіргі тілдік жағдаят соған алып барады.

Түйін сөздер: код ауыстыру, тілдік орта, коммуникация, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика.

Авторлардың биографиясы

З. Жорабек, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан, Алматы қ.

Жорабек Зубайра Жаманбайқызы (корреспондент автор) PhD докторант, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: zh.zubaira@gmail.com);

Г. Шойбекова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан, Алматы қ.

Шойбекова Ғазиза Бейсенбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: shoibekova_gaziza@mail.ru);

E. Оспанов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

Оспанов Еділбай Төлеубайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: yedilbay.ospan@gmail.com).

Как цитировать

Жорабек, З., Шойбекова, Г., & Оспанов E. (2025). Коммуникация кезінде балалардың тілдік кодты ауыстыруының әлеуметтік лингвистикалық аспектісі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 200(4). https://doi.org/10.26577/EJPh202520044