А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ «ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДРАМАТУРГИЯ

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДРАМАТУРГИЯ МӘСЕЛЕСІ

Авторлар

  • Алтынай Тымбол ҚазҰУ

Аннотация

Мақалада А.Байтұрсынұлының әдеби мұраларындағы ұлттық терминологияны жасаудағы орасан үлесі, соның ішінде драма жанрына қатысты терминологияны ұлт топырағында жаратқан еңбегі арнайы сөз етіледі. Қазақ тіл білімінің, қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаған реформатор ғалымның әдебиеттің негізгі үш тегінің (поэзия, проза, драма) бірі – қазақ сөз өнеріндегі драма жанрына қатысты ұлттық терминдерді жасаудағы тұжырымдары қарастырылады. Қазақ сөз өнеріндегі драма жанрының табиғаты туралы алғаш айтқан ғалым пайда болуы мен шығу тарихына қарай грек сөздерін бойына көп сіңірген драма жанрына қатысты терминдерді жасауға тұңғыш түрен салады. Ғалым оларды ұлттық танымға жақындатып, алғаш рет қазақы ұғыммен беруге тырысады. Осылайша шарттылығы көп, қиын жанр болып саналатын драманың теориялық метатұғырын қалауға негіз жасайды. Бүгінде ұлт ұстазының қазақ ғылымы үшін жасаған осы еңбегін түгелдей таныта алмай жатқанымыз анық. Бір ғана «Әдебиет танытқыштың» қолат-қойнауындағы қатпар-қатпар білім алдыратын емес. Әлі қазып зерттеп жатырмыз. Олай дейтініміз осы еңбекте қамтылған драматургия саласына қатысты айтқан қисындары мен тыңнан жасаған терминдері жете қарастырылып, насихатталып жүр деп айта алмаймыз. Сондықтан мақалада ұлы ғалымның көркем әдебиеттің ең ежелгі де күрделі түрі – драматургияға байланысты тұжырымдары мен терминдері сараланды. Әдеби мұраларындағы өміршең ұстанымдары бағамдалды.

Түйін сөздер: ұлттық ғылым, сөз өнері, жанр, драматургиялық терминдер, шығарма тілі

Как цитировать

Тымбол, А. (2026). А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ «ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДРАМАТУРГИЯ : А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДРАМАТУРГИЯ МӘСЕЛЕСІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 201(1). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/5094

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение