Remembering Prof. Dr. Dr. h.c. Lars Johanson: His Legacy in Turkic Languages
Аннотация
Бұл мақала қазіргі түркі тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Ларс Юханссонның (Prof. Dr. Dr. h.c. Lars Johanson) ғылыми мұрасын еске алуға арналған. Л. Юханссон түркі тілдерін заманауи лингвистикалық теориялар негізінде зерттеудің берік ғылыми жүйесін қалыптастырды. Оның етістіктің аспектуалдылығы, эвиденциалдылық, тіл типологиясы және тілдік қатынас (контакт лингвистикасы) салаларындағы теориялық тұжырымдамалары тек түркі тілдері үшін ғана емес, басқа да тілдерге кеңінен қолданылды. Ғалымның code-copying моделі тілдік ықпалдасу үдерістерін жаңаша түсіндіруге мүмкіндік берді. 500-ден астам ғылыми еңбектің авторы ретінде, сондай-ақ Turcologica сериясы, Turkic Languages журналы және Encyclopedia of Turkic Languages and Linguistics Online жобасының негізін қалаушы ретінде Л. Юханссон түркітану ғылымында өшпес із қалдырды. Мақалада оның ғылыми жетістіктері, ұстаздық қызметі және түркі тіл біліміндегі орны жан-жақты қарастырылады.







