Мақала Шерхан Мұртаза

Ш.Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы

Авторлар

  • Айнур Кембаева Международный Таразский университет имени Ш.Муртазы

Аннотация

Зерттеуде Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасын тілдік, дискурсивті және прагматикалық сөйлеу құралдарының жиынтығы ретінде қарастырамыз. Жұмыстың мақсаты – тілдік тұлға харизмасының лингвистикалық табиғатын дискурс негізінде айқындау. Зерттеу барысында тілдік тұлғаның коммуникативті және тыңдаушысына ықпал ету әлеуетін ескере отырып, оның харизмасының тек психологиялық немесе әлеуметтік-мәдени категория емес, лексика мен синтаксистік құрылымдарды, прагматикалық стратегияларды және дискурсивті модельдерді таңдауда байқалатын жүйелі тілдік негізге ие екендігі анықталды. Сондықтан зерттеу жұмысы тілдік тұлға теориясы мен прагмалингвистика және дискурсологияда, сөйлеу әсері теорияларын дамытуда ғылыми маңызға ие. Зерттеудің практикалық маңызы шешендік өнерді үйрету курстарында, стилистика мен дискурстық талдау жүргізуде, медиа мен саяси дискурстағы қатысымда, көпшілік алдында сөйлеу және көшбасшылық тәжірибесінде қолданылу мүмкіндігімен құнды.

Ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізін Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға теориясы, В.И. Карасиктің дискурстық тұлғаның концепциясы, сонымен қатар сөйлеу әсерінің прагматикалық теориясы және ethos-pathos-logos риторикалық моделі құрайды. Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасын автор дискурстары арқылы талдау нәтижесінде харизманың типтік тілдік маркерлері анықталды, харизматикалық сөйлеудің прагматикалық стратегиялары сипатталды, харизманың тілдік шарттылығы дәлелденді, харизматикалық тілдік тұлға моделі жасалды.

Жұмыста тілдік тұлға харизмасы туралы түсініктерді лингвистикалық талдаудың нысаны ретінде қарастырып, оның қалыптасқан дәстүрлі психологиялық сипатының тілдік механизмдерде көрініс табуының ерекшелігі сараланды. Зерттеу жұмысының қорытындысындағы лингвистикалық және прагматикалық параметрлер қолданбалы зерттеулерде сөйлеу әсерін бағалау құралы болып, қазіргі таңдағы сөйлеу қарым-қатынасы бойынша оқу және аналитикалық материалдарды дайындауда қолданыла алады.

Түйін сөздер: харизма, тілдік тұлға, дискурс, лингвистика, Ш. Мұртаза.

Как цитировать

Кембаева, А. (2026). Мақала Шерхан Мұртаза: Ш.Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 201(1). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/5105