МИФО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕР МЕН САРЫНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ӘДЕБИ ЕРТЕГІДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Авторлар

  • Эльмира Жанысбекова
  • Angsa Kengeskhan Al-Farabi Kazakh National University

Аннотация

Мақала мифо-фольклорлық бейнелер мен мотивтердің табиғатын, олардың әдеби ертегі жанрындағы трансформациялану үдерістерін ғылыми тұрғыдан зерделеуге арналған. Зерттеу нысаны ретінде фольклорлық ертегінің жанрлық-поэтикалық құрылымы қарастырылып, оның қазіргі ертегілік мәтіндердегі репрезентациясы мен ықпалы айқындалады. Атап айтқанда, фольклорлық дәстүрге тән қиял-ғажайып сипат, ғажайып көмекші кейіпкерлер феномені, тұрақты мотивтер жүйесі, бейнелердің функциялары, себеп-салдарлық шарттылықтар мен ерекше хронотоптық модель әдеби ертегі жанрына инкорпорацияланып, авторлық нарративтік стратегиялармен синтезделеді. Бұл үдеріс ұжымдық сана құрылымдарын белсенді етіп, архетиптік бейнелер мен мотивтерде және реципиенттің қабылдау санасында көрініс табады. Сонымен қатар, мақалада ертегінің жас ерекшелігіне негізделген фокус-топтарға жіктеу мәселесі және оның балалар аудиториясына да, ересек оқырманға да бағытталған прагматикалық ерекшеліктері талданды. Зерттеу материалы ретінде Д. Ахметұлының «Сайын хан», «Хан ұлдары», «Текті ұры», «Мұрагер», «Әкеден қалған мұра» атты шығармалары пайдаланылды. Зерттеу әдіснамасы ғылыми дәстүрдің сабақтастығына негізделіп, әдеби талдаудың дәстүрлі және инновациялық әдіс-тәсілдерін қамтиды: контент-талдау, салыстырмалы-типологиялық әдіс, мифопоэтикалық талдау және психоаналитикалық интерпретация.

Как цитировать

Жанысбекова, Э., & Kengeskhan, A. (2026). МИФО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕР МЕН САРЫНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ӘДЕБИ ЕРТЕГІДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ . ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 201(1). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/5159

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение