ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕР ЖАЙЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Аннотация
Роман күрделі жанр. Қазақ романының бастау бұлағы, бүгінгі арнасы заман талабы мен уақыт сынына лайық бет-бейнесін тапқан. Роман туған қоғам мен сол дәуірдің тынысын көркем бейнелеп бере алуымен құнды. Зерттеу нәтижелері роман жанрының өз кезеңінің идеялық, эстетикалық ұстын ұстанымдары шеңберінде дамып, түрлі ізденіс іздерін қалдыратындығына көз жеткізеді. Бұл көбіне шығарма туған орта мен дәуірдің тарихи, әлеуметтік, саяси, идеологиялық қалыптасқан санасы мен үстем ой-пікірлерінің эстетикалық мазмұнға айналып жалпыадамзаттық құндылықтар шегінде танылатынын көрсетеді. Шығармадағы мезгіл мен мекен, уақыт пен кеңістік ұғымдарының тарихи жағдаймен сабақтас келетіні анық. Қазақ романындағы түрлі ізденістер қазақ романы туралы жазылған еңбектерді талдау, салыстыру барысында анықталды. Алғашқы қазақ романы туралы жазбалардан бастап қалыптасқан роман сынын ескере отырып, роман жанрында заман беталысының өзгеруіне орай туған ізденістер өміршеңдігі тұрғысынан бағаланды. Нәтижесінде жалпыадамзаттық мұраттар қай дәуірде де бір болғанымен, әр кезеңде түрлі сурет пен көріністерге ие болатынын дәлелдеудің қажеті жоқ. Көркем туындының сюжеті мен композициясы сол сурет пен көріністерді жүйелеп, бейнелі тілмен баяндап жеткізуден ғана құралмақ.