Бақ мәтіндері: қазіргі қазақстандағы тілдік-менталдық кеңістік

Авторлар

  • G.N. Smagulova B. Tasbolatkyzy әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,
        32 31

Аннотация

Мақалада қазіргі Қазақстандағы тілдік-менталдық кеңістіктің БАҚ мәтіндеріндегі орны,
олардың талдануы туралы маңыздылығы қарастырылған. Қоғамның саяси-әлеуметтік, рухани-
экономикалық өмірін күнделікті ақпарат тарату қызметінсіз көзге елестету мүмкін емес. БАҚ
мәтіндері қоғам өміріндегі өзгерістерге уақытымен үн қоса отырып, оқырмандардың рухани ой-
санасына қозғау салып, пәрменді ықпал етеді. Қазақ тіліндегі мәтіндердің тілдік тұлғасы, тілдік
аспектілері мен тілдік бейнесі БАҚ беттеріндегі контенттерде толық талдаудан өтпеген.
БАҚ беттерінде жарық көрген публицистикалық мақалалар мен мәтіндердің авторлары
берген мәтіндердің тілдік тұлғасы, ерекшелігі нысанға алынып, зерттелді. Тілдік тұлға, әлемнің
тілдік бейнесі, тілдік-менталды кеңістік туралы әлем және қазақ ғалымдарының еңбектері
қарастырылып, ондағы негізгі аспектілер арқылы Қазақ қоғамындағы бүгінгі БАҚ-тың
мәтіндеріндегі тақырыптық зерттеу және сараптау, талдау жұмыстары жасалды. Сараптама
жұмысы жасала келіп, бірнеше газет беттеріндегі тілдік-менталдық кеңістік қарастырылып
қорытындыланды.
Зерттеу нәтижелері қазақстандық БАҚ беттеріндегі, соның ішінде газет-журналдарда
берілетін ақпараттар қоғамдық-саяси тілдік-менталдық кеңістікті қалыптастыратынын көрсетеді.

Жүктелулер

Как цитировать

B. Tasbolatkyzy, G. S. (2018). Бақ мәтіндері: қазіргі қазақстандағы тілдік-менталдық кеңістік. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 170(2), 143–148. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2225