ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ

Авторлар

  • Z.Sh., Yernazarova КИМЭП Университеті , Алматы қ., Қазақстан
        38 289

Аннотация

Қазақ тілін оқытудың қазіргі әдістемесінде тілді меңгертудің антропоөзектік ұстанымы белсенді дами бастады. Жалпы орта мектептерде филология бойынша берілетін білім жүйесінде тілдің коммуникативті қызметі жетекші сипатқа ие. Алайда тілдің қызметі онымен шектелмейді. Тілді меңгере отырып, оқушы әлемді сол тілдің ықпалымен тани бастайды, тіл арқылы ұлттық дүниетаным мәдениетін бойына сіңіреді. Оқулықтарға жасалған талдау мен мектеп бітірушілері арасында жүргізілген ассоциативті сауалнама қорытындысы ұлттық аксиологиялық концептілердің оқыту мазмұнында жүйелі түрде берілмейтіндігін байқатып отыр. Қазақ тілін оқытуда аксиологиялық бағытты ұстану бүгінгі күні өте өзекті болып табылады. Оқушының қазақ тіліне құндылық ретінде қараушы көзқарасын тіл мен мәдениеттің тарихи байланысын түсіндіру арқылы дамыту тұлғаның ұлттық дүниетанымын, ұлттық құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Yernazarova, Z. (2018). ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 170(2), 201–209. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2235

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы