ӘЛЕУМЕТТІК-СЕМАНТИКАЛЫҚ КОНЦЕПТІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІКТЕГІ РЕПРЕЗЕНТТЕЛУІ

Авторлар

  • Yessenova K.U . Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
        42 65

Аннотация

Мақалада әлеуметтік-семантикалық концептінің семантикалық деңгейде түрлене отырып, қарама-қарсы мәнде жұмсалатын антиқұндылықты маркерлі концептіге айналу факторлары қарастырылады. Сондай-ақ әлеуметтік құбылыстарға байланысты туындайтын жасанды концептілердің қолданыстық ерекшеліктері мен сипаты жан-жақты талданады. Қазіргі таңда концепт ұғымын зерттеу тек тіл білімі саласында ғана емес, сондай-ақ жалпы дүниетанымдық тұрғыда да өзекті мәселеге айналып отыр. Концепт ой елегінде, сезімдік таным жүйесінде, ішкі бейне әлемінде қалыптасады. Қарапайым адамның тіршілігі әлеумет өмірімен тығыз байланыста үйлесімді болса, оның индивидуалды жағдаяттары мен әлеуметтік ақиқаты пара-пар келер еді. Әлеуметтік өмірі ағымы мен адамның өмірлік болмысын сипаттайтын бұқаралық ақпарат тәжірибесінен жалпы әлеуметтік білімді айқындауға болады. Демек, коммуникация ерекшелігі әсіресе масс медиа тілі шынайы өмірді таза қалпында немесе астарлап жеткізудің басты құралы бола алады.

Жүктелулер

Как цитировать

., Y. K. (2018). ӘЛЕУМЕТТІК-СЕМАНТИКАЛЫҚ КОНЦЕПТІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІКТЕГІ РЕПРЕЗЕНТТЕЛУІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 167(3), 137–141. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2523