Тілдік мамандықтар магистранттарына шетел тілдік пәндерді оқыту
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph30Аннотация
Мақалада магистратурада оқитын мамандарға жоғары оқу орнынан кейінгі даярлаудың білім беру бағдарламалары шеңберінде шетел тілін оқытудың кейбір аспектілері қарастырылған. Біздің ойымызша “Шетел филологиясы” білім беру бағдарламасының мазмұны магистранттардың осы бағыттағы болашақ зерттеулері мен кәсіби қызметі үшін басым және қажет деп саналатын екі теориялық пәнді “Екінші тілді игеру теориясы”, “Сөйлеу әсері және мәдениаралық қарымқатынас” талдауға мүмкіндік берді. Бұл үдеріс лингвистикалық фоссилизацияны, ана тіліндегі емес негізгі ұғымды жан-жақты зерттеу негізінде, болашақта туындауы мүмкін қиындықтарды едәуір дәрежеде түсіндіретінін анықтады. Тіл мен мәдениеттің арақатынасы туралы мәселе қазіргі филологияны зерттеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан зерттелетін тілін сипаттайтын мәдени аспектілерге ерекше назар аударылады. Шет тіліндегі білім беру бағдарламалары, атап айтқанда “Шетел филологиясы” мамандығының білім беру бағдарламасы мамандардың құзыреттілікке, шығармашылыққа және сұранысқа ие сарапшылар ретінде дамуына ықпал етеді, олардың кәсіби шеберлігі тек лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық және психолингвистикалық дағдылармен ғана емес, сонымен қатар шетел тілін оқыту әдістемесімен жұмыс жасау мүмкіндігімен де анықталады. Демек, бағдарламаның мазмұны білім берудің мақсаттарын, оны ұйымдастыруды, сондай-ақ білім беру үдерісін бағалауды анықтайтын принциптер жиынтығын қамтитын құзыреттілікке негізделген болуы керек.