Орыс тілі оқулығы: Б. Блум таксономиясының білім беру мақсаттарын жүзеге асыру

Авторлар

  • O. B. Altynbekova Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, http://orcid.org/0000-0002-3843-0888
  • , Z. K. Sabitova Отделение русского языка и литературы Анатолийского университета, Турция, г. Эскишехир http://orcid.org/0000-0002-9430-0615

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph25
        122 1273

Аннотация

Мақалада әртүрлі білім саласында кеңінен қолданылатын күрделі жүйелерді жіктеудің жалпы теориясы ретін детаксономия ұғымы қарастырылады. Таксономия зерттелетін объектілердің барлық саласы сыныптар немесе топтар жүйесі түрінде ұсынылған, онда осы объектілер олардың белгілі бір қасиеттерінің ұқсастығы негізінде бөлінген білімді жүйелендірудің түрін білдіреді. Халықаралық білім беру кеңістігінде, соның ішінде Қазақстанда белсенді қолданылатын америкалық ғалым Б. Блумның білім беру мақсаттары таксономиясына сипаттама беріледі. Б. Блум білім беру мақсаттары санатының алты деңгейлі иерархиясын анықтады: білім (нақты материалды, терминологияны, фактілерді, анықтамаларды, критерийлерді және т.б.); ұғыну (түсіндіру, интерпретация, экстраполяция); қолдану (білімді, іскерлікті пайдалану); талдау (элементтер арасындағы өзара байланысты орнату, жүйені құру қағидаларын анықтау); синтез (жоспарды, іс-қимыл жүйесін әзірлеу); бағалау (қолда бар деректер, сыртқы өлшемдер негізінде пайымдау). Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10 сыныпқа арналған орыс тілі оқулығымен жұмыс істеу кезінде Блум таксономиясын тәжірибеде қолдану көрсетілген; оқырман құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесі сипатталған – ақпаратты іздеу, үзінділер алу, талдау, интерпретациялау, оны тәжірибелік міндеттерді шешуде қолдану. Б. Блумның таксономиясына негізделген және оқулықта ұсынылатын орыс тілін оқыту тәсілдері оқушылардың ақпаратқа бай әлемде нәтижелі бейімделуіне мүмкіндік беретін функционалдық сауаттылықты меңгеруге бағытталған.

Жүктелулер

Как цитировать

Altynbekova, O. B., & Sabitova, , Z. K. (2021). Орыс тілі оқулығы: Б. Блум таксономиясының білім беру мақсаттарын жүзеге асыру. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 178(2), 188–193. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph25

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы