15-18 ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының орыс тіліндегі аудармалары
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph30Аннотация
Мақалада 15-18 ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларын орыс тіліне аудару ерекшеліктері қарастырылады. Қазақтың ортағасырлық поэзиясы өте күрделі және ұлттық ерекшеліктері мол. Аудармашы алдында бір қатар өзіндік сипатқа ие салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілік, тілдік ерекшеліктері (архаизмдер, фразеологизмдер, бейнелі оралымдар және т.с.) сияқты кедергілер туындайды. Тұпнұсқаның ритмикалық-интонациялық ерекшеліктерін сақтай отырып, орыс тілінің силлабо-тоникалық оралымына қазақ тіліндегі силлабикалық өлеңді аудару арқылы алдында көтерілген мәселелерді және ұйқастың эквиритімін сақтау оңай іс емес. Сондықтан қазақ тіліндегі өлең құрастыру теориясын білу аударма ісінің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Халықтың тарихын, мәдениетін, эстетикасын, әдебиетін терең білмейінше аударма толыққанды бола алмайды. Адекватты аудармада түпнұсқаның идеялық-тақырыптық мағынасы, оның стилі, ұлттық ерекшелігі, тарихи жағдайы, интонация, метрика және ритмика, яғни түпнұсқаның нысаны мен мазмұнының бірлігі сақталуы тиіс. Жырау туындыларын Вс. Рождественский, В. Цыбин, О. Жанайдаров, Қ. Бақбергенов, Б. Лұқпанов, А. Соловьев, Б. Қайырбеков, П. Косенко, С. Байменов, С. Ботвинник, Қ. Жаңабаев және Ә. Қодар аударған болатын. Олардың еңбектері қазақ халқы үшін маңызы зор, себебі орыс тіліне аударылған мәтіндер одан кейін де басқа шет тілдеріне аударылады.