Ағылшын және қазақ тілдеріндегі “атмосфералық-электрлік және дыбыстық құбылыстар” метеорологиялық метафоралары
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph15Аннотация
Зерттеудің өзектілігі ағылшын және қазақ тілдеріндегі метеорологиялық метафораның ерекшеліктерін жеткіліксіз зерттелмегендігімен, сондай-ақ тіл білімі ғылымының заманауи жетістіктері мен филологиялық зерттеу тәсілдерінің негізінде филологиянын қазіргі заманғы үрдістерімен дамуы, қазіргі ғылыми парадигманың жалпы бағыты және оның тіл, мәдениет және ойлау арасындағы өзара әрекеттесу проблемаларына қызығушылығымен байланысты. жаһандану жағдайында мәдениеттерді стандарттау мен таратуға ұмтылатын, ұлттық бірегейлікті сақтау проблемасын шешетін, тілдік метафораларда барынша толық көрініс табатын, тілдің метафоралылығы – “тарихи жады, халық рухы” болып табылатын аса маңызды тарихи-мәдени және саяси іс-шаралардың біріне жатады. Ғылыми-зерттеу жұмысында біз метеорологиялық метафораға кең мағынада терминдердің құрамындағы әртүрлі метафоралық бейнелерді, бейнелі мағыналарды, идиомаларды, метеофразеологизмдерді немесе сөздердің метеорологиялық тақырыптық тобына жататын лексикалық-фразеологиялық метафоралық бірліктерді жатқызамыз. Метафораның жалпы адамзаттық табиғатын түсіну өте маңызды, өйткені “метафоралық категория мен метафоралану ең жалпы және іргелі ұғымдардың біріне жатады және әлемнің барлық тілдерінде кездеседі”. Бір сөзбен айтқанда, метафора күнделікті өмірдің көрінісі ғана емес, сонымен бірге оның жаратылысына да қатысады.