Сөйлеу мінез-құлқына қатысты фразеологизмдердегі сөзқұмарлықтың көрінісі.
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.013Аннотация
Мақалада әрбір халықтың ғасырлар бойы өткенін және әлемге деген қазіргі таңдағы көзқарасын, шынайы ақиқатты анық жете көрсете алатын фразеологиялық бірліктер, құрылымы өзгеше, бір-бірінен туыстығы алшақ тілдер негізінде салыстырыла зерттеледі. Фразеологизмдер әрбір этностың тіршілігі, өзіндік ойлау стилі, өмірлік даналығы, түйгені, ерекше ұлттық ділі жайлы ақпаратты өскелең ұрпақтарға береді. Фразеологизмдер арқылы халықтың мәдениеті түрлі қырынан танылады.
Зерттеуге сөйлеу мінез-құлқы фразеологизмдері сөздіктерден таңдалып алынды. Зерттеуде сөйлеу мінез-құлқын көрсететін фразеологизмдердің арасынан әңгіме жүргізу тәсілін және әңгіме мазмұнын сипаттайтын фразеологизмдер негізінде сөзқұмарлық мағынасын білдіретін фразеологизмдер жинақталып алынды.
Мақалада сөзқұмарлық мағынасын білдіретін ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің мағынасы қарастырылады. Осы жұмыста алғаш рет сөзқұмарлықты бейнелейтін ағылшын және қазақ фразеологизмдерінің айрықша ұлттық ерекшеліктері сипатталуда. Фразеологизмдердің әр тілге тән лексикалық өзіндік ерекшеліктеріне назар аудару ‒ бұл жұмыстың негізгі мақсаты.
Фразеологизмдердің құрамындағы бірліктердің қандай сөз таптарымен бірге қолданылып, өзара байланысуы осы зерттеуде айқындалады. Фразеологизмдерді салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу кешенді әдістерді талап ететіні сөзсіз. Бұл зерттеу барысында жаппай таңдау және сандық-статистикалық әдістер түрі қолданылды. Зерттеудің нәтижесінде сөзқұмарлық мағынасын білдіретін фразеологизмдердің құрамындағы жиі кездесетін етістіктер, сын есімдер, тағы сол сияқты екі тілдегі фразеологизмдердің өзіндік ерекшеліктері анықталды.