Covid-19 пандемиясы дискурсының медиа кеңістікте вербалдануы
Аннотация
Кез келген ірі дағдарыс сияқты, Covid 19 тудырған жаһандық денсаулық дағдарысы сөзсіз қазіргі заман тарихына енді. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл апат туралы күн сайын хабарлады. Коронавирустың адамзатқа, мәдениетке және экономика әсері үлкен болды. Коровирус пандемиясы біртіндеп жеке және ұжымдық деңгейде күнделікті өмір салтына, тілдік тұлғалар психологиясына және менталитетке әсер етті. Мақаланың мақсаты: Сovid 19 пандемиясының медиа дискурстағы қандай тілдік құралдардың көмегімен медиа кеңістікте жүзеге асқанын анықтау. Зеттеу жұмысының теориялық маңызы: зерттеу нәтижелері қазақ медиа әлемінде қалыптасқан короновирус лексикасының түрлерін анықтауға және негізгі нәтижелері әртүрлі лингвомәдениеттердегі ковид-дискурстың табиғатын одан әрі зерттеуге ықпал етеді. Зерттеу жұмысының практикалық нәтижелері шетел филологиясы мамандығы бойынша оқитын студенттер мен магистранттарына арналған «Медиадискурс», «медициналық медиа дискурс», «ковид – дискурс» секілді пәндерді оқыту барысында және ковид пандемиясына арналған сөздіктер мен глосарийлер құрастыруда пайдалануға болады. Ғылыми мақаланың әдіснамалық негізін медиа дискурс және Covid-19 пандемиясы дискурсы құрайды. Зерттеу жұмыстың негізгі нәтижелері ретінде Ковид-19 пандемиясы дискурсына анақтама ұсынылып, экстралингвистикалық әлеуеті анықталады және қарастырып отырған дискурстың конститутивті белгілері айқындалады. Ғылыми мақала тіл ғылымына Ковид-19 пандемиясы дискурсын-лингвистикалық құбылыс ретіндегі әлеуетін одан әрі зерттеуге ұйытқы болады.