Академиялық терминдердің лингвомәдени интерпретациясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519719
        75 42

Аннотация

Ғылыми техника мен ғаламтор желісінің шарықтап даму сатысында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық әлемдік университеттердің де қарым-қатынасын нығайта түсті. Бір-бірімен келісімшарт жасаған жоғары оқу орындары әрі қарай өзара серіктестікті дамыту мақсатында түрлі жобалар мен бағдарламалар даярлап, білім берушілер мен білім алушылар арасында тәжірибе алмасу басты назарға ауысты. Сондықтан, жемісті нәтижеге қол жеткізу үшін сәтті коммуникация орын алу керек, ал ондай қарым-қатынастың кілті жоғары оқу орындары кеңістігіндегі академиялық терминологияны жақсы меңгеру.

Мақала жоғары оқу орындарының әртүрлі саласында қолданыс табатын академиялық терминдерге арналған. Зерттеудің мақсаты – жоғары оқу орындары кеңістігіндегі  академиялық тілдің қолданыс аясын білу, сонымен қатар, академиялық терминдердің лингвомәдени ерекшеліктерін айқындау және академиялық терминдердің лингвомәдени интерпретациясын көрсету. Қойылған мақсат-міндеттерге жету үшін келесі әдістер қолданылды: ғылыми сипаттама әдісі, салыстырмалы әдіс, сауалнамалық сараптама әдісі, сандық талдау әдісі және контент-талдау.

Зерттеудің нәтижелері көрсеткендей академиялық терминдердің мағынасы жоғары оқу орындарында жоғары кәсіби білім алушылар үшін ерекше маңызға ие, себебі академиялық терминдерді қолдану дәстүрі әлемдік жоғары оқу орындарында әртүрлі және академиялық терминдерді бір тілден екінші тілге аудару барысында олардың көп мағыналығы әсерінен түрлі қиындықтар туындап жататындығы айқындалды. Сондықтан академиялық терминдермен жұмыс істеу барысында әр жоғары оқу орнына тән академиялық терминдерді қолданған жөн. Зерттеудің практикалық маңыздылығы терминология, мәдениаралық коммуникация, лексикология, академиялық жазу, аударматану, ағылшын тілінің теориялық грамматикасы пәндері бойынша дәрістерде шетелдік университеттерге академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасуға немесе білім алуға баратын білім берушілер мен білім алушыларға анықтағыш ретінде қолданылуымен сипатталады.

Түйін сөздер: академиялық терминология, академиялық тіл, жоғары оқу орындары, білім алушылар, лингвомәдени интерпретация.

Автордың биографиясы

Н. Утемгалиева, Альпі-Адрия Клагенфурт университеті, Аустрия, Клагенфурт қ.

Утемгалиева Насихат Адайхановна – PhD, қонақ ғылыми зерттеуші, Альпі-Адрия Клагенфурт университеті (Клагенфурт қ., Аустрия, e-mail: nassikhat.utemgaliyeva@gmail.com).                                             

 

 

 

Жүктелулер

Как цитировать

Утемгалиева, Н. (2025). Академиялық терминдердің лингвомәдени интерпретациясы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 197(1), 100–112. https://doi.org/10.26577/EJPh202519719