Ресей Халықтар Достығы Университетіндегі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі филологиялық білім берудің қашықтық формалары: ынтымақтастық тәжірибесі және болашағы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph15Аннотация
Мақалада тілдік білім беру желісін дамыту, енгізу және әлемдік білім беру ортасында жұмыс істеу жағдайындағы студенттердің орыс тілді коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру мен оның жекелеген құрауыштарының жоғары оқу орындарындағы өзара іс-қимылы талқыланды. Авторлар орыс тілі мен әдебиетінің болашақ мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін байытуды қамтамасыз ететін РХДУ (Ресей, Мәскеу) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Қазақстан, Алматы қ.) филологиялық білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық ортаны пайдалану тәжірибесін сипаттайды. Бірлескен ынтымақтастық шеңберінде пилоттық жоба аясында филология мамандықтар мен психология-педагогикалық блок шеңберінде бейінді пәндерден тұратын оқу бағдарламасы әзірленді, ол түлектерді орыс тілі мен әдебиетінің ұстаздары мен оқытушылары ретінде кәсіби қызметке дайындайды. Жоба сондай-ақ тілдік білім берудің және педагогикалық қоғамдастықтың бәсекеге қабілеттілігін қолдауға ықпал ететін өзара іс-қимылдың басқа да нысандарын (ПОҚ алмасу бағдарламалары, оқыту, PhD тағылымдамадан өту) талдайды және іске асырады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен РХДУ арасындағы педагогикалық кадрларды даярлаудағы халықаралық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді тәжірибесі бірлескен білім беру жобалары Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ғылыми-әдістемелік және мәдени байланыстарды қарқынды дамытуға ықпал ететін өзара тиімді ынтымақтастық нысаны болып табылатынын көрсетеді.
Түйін сөздер: академиялық ұтқырлық, қос диплом, бірлескен білім беру бағдарламасы, оқыту, желілік оқыту және ынтымақтастық, университеттік әріптес.