Тіл оқытуда смарт технологиясы тиімді құрал ретінде

Авторлар

        169 143

Аннотация

Мақалада смарт оқыту технологиясын оқытуда қолдану жайлы, оның түрлері, сыныпта қолданылуы, артықшылықтары және дәстүрлі оқытудан айырмашылықтары жайлы баяндалады. Covid-19 коронавирус жұқпасының тарауы – оқыту құралдарын дамытуда үлкен рөл атқаруда. Сонымен қатар, смарт технологиясы – тілдерді оқытуда үлкен басымдыққа ие болуда. Смарт технологияларының негізгі ерекшеліктерінің бірі – осы тіл оқыту қызметін белсенді түрде жүзеге асыра алуы. Осы орайда, аталған ғылыми жұмыста оқытуда жүргізілетін смарт технологиясын қолданудың оқыту әдістемесі бағдарламасының кезеңдері зерттеліп, оқытушылардың жаңа технологиямен жұмысын құрайтын кезеңдер жайлы баяндалады. Оған қоса, берілген зерттеу жұмысы оқытушылар арасында смарт технологисымен жұмыс жасауға дайындықты арттыруға деген қажеттіліктерді сипаттап, білім беру процесі қызметкерлерінің инновациялық потенциалының қалыптасуын және жаңа білім технологияларының смарт технологияларымен бірлескен оқыту платформаларының құрылуын, оқыту процесіндегі әртүрлі ақпараттық технологияларды қосқандағы құрылымына назар аударады. Білім беру процесіндегі smart-ортаның қалыптасуы сапалы смарт-білім беру үшін қажет екендігі қарастырылады. Смарт-оқытуды интербелсенді білім беру ортасында, біріктірілген оқыту ортасында, білім беруді дербестендіру мен бейімделу, контентті барлық оұу орындарымен бірге қолдануды ұйымдастырудағы икемділігі қарастырылады.   Берілген мақала смарт технологиясының түрлері мен оның тіл оқытуда қаншалықты тиімді қолданылуына тоқталады.

Кілт сөздер: смарт технологиясы, ақпараттық және коммуникациялық технология, құзыреттілік, e-learning, смарт қоғам, смарт оқыту.

Жүктелулер

Как цитировать

Ualikhanova, G. U., & Bektemirova, S. B. (2023). Тіл оқытуда смарт технологиясы тиімді құрал ретінде. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 191(3), 170–178. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4394

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы