А. Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясы – тіл туралы дүниетаным қалыптастыра оқытудың негізі

Авторлар

        80 314

Аннотация

 

Мақалада заманауи білім беру үдерісінде А. Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясын қолданудың мүмкіндіктері мен педагогикалық шарттары қарастырылады. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушы тұлға ұсынған іргелі ілімінің басымдықтары дәлелденеді.

Тіл туралы дүниетанымын қалыптастыру оқушы білімнің өз тіршілігі үшін маңызын түсінген кезде ғана басталады. Өйткені адам баласы өзі мәні мен маңызын жіті түсінген және оның қолданымдық амал-тәсілін меңгерген білімді ғана сауатты жұмсай алады. Сондықтан заманауи білім беру үдерісінде дәстүр мен инновацияны тоғыстыру маңызды. Бұл Ахмет Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясындағы «мәніс білім», «әдіс білім» категорияларын, «пайдалы білім» қағидаларын орайлы қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Мақалада зат есімді оқыту үдерісін Ахмет Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясы бойынша ұйымдастыра отырып, оқушылардың тіл туралы дүниетанымы мен функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың амал-тәсілдері жүйеленеді. «Пайдалы білім» мәселесі де концептуалдық тұрғыдан дәйектеледі. Осы мақсатта білім сапасы көрсеткіштерін салыстыру әдісі қолданылады.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Dauletbekova, Z. (2023). А. Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясы – тіл туралы дүниетаным қалыптастыра оқытудың негізі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 191(3), 179–189. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4519

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы