Тілдерді оқыту бағдарламаларын әзірлеуде бейімділік технологияларын қолдану ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph27
        30 31

Аннотация

Берілген мақалада тілдерді өз бетінше онлайн оқыту бағдарламаларын әзірлеуде бейімділік технологияларын пайдалана отырып, оқу жоспарларын құрастыру ерекшеліктері айтылады. Ақпараттық-коммуникациялық ортада өз бетінше оқуға арналған технологияларды дамыту үшін, алдымен, тиімді оқу жоспарын құрастыру керек. Өйткені сандық ортада өз бетінше тіл үйренуді жобалауда құзыреттілікке негізделген тәсілді жүзеге асыру үшін тілдік білім, білік дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар құндылық бағдарлары мен тілдерге деген көзқарастарын, көптілді тұлғаның өзіндік бейнесін қалыптастыру, тіл үйренудің барлық процесінде қызығушылықты ояту және қолдау қажет. Тұлғаға бағытталған тәсіл оқыту уақыты мен қарқынын таңдау мүмкіндігі бар, жеке тұлға ерекшеліктері ескеріле әзірленген оқу жоспарын жобалау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Тілдерді өз бетінше оқытудың құрылымдық оқу жоспарының құрылымы мен мазмұны бойынша бұрын жасалған жоспарлардан ерекшеленеді. Оқу жоспарларын әзірлеу кезінде интернеттегі өздігінен білім берудің ерекшеліктері және студенттердің сәйкес қажеттіліктері ескеріледі. Зерттеу барысында бейімділік технологияларды қолдана отырып және қазақ және орыс тілдерінің тілдердің ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ және орыс тілдерін оқытуға арналған оқу жоспарлары жасалды. Оқу жоспарын құрастыру кезінде коммуникативті дағдыларға баса назар аудару қағидасы ескерілді.

Жүктелулер

Как цитировать

Omurzakova, A. K., Turbekova, S. A., & Zuyeva, N. Y. (2021). Тілдерді оқыту бағдарламаларын әзірлеуде бейімділік технологияларын қолдану ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 178(2), 201–206. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph27

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають